Аудандық жастар слеті
Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастар – мәңгілік ел болашағы» атты аудандық жастар слеті өтті. Аталған слетке ауданның белсенді жастары, кент, ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі мамандар мен жұмыссыз жастар және жас кәсіпкерлер қатысты.
Жастар слетінің бағдарламасына сәйкес, "Жастар үйінде" "Цифрлы Қазақстан – әлемдік дамудың айнасы", кәсіпкерлер үйінде "Кәсіпкерлік ұғымы, оның ел экономикасындағы орны" атты тақырыпта 2 секциялық сабақ өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Тасабаев, "GRAND master" бағдарламалау мектебінің директоры А.Қуанышбаев, ҚМУ оқытушысы Н.Құлмырзаев және облыстық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры А.Шоқбаров жастармен пікір алмасып, қоғаммен байланыс жасау жолы және кәсіби өзін-өзі тану мүмкіндігі тақырыбында әңгімеледі.