ЖОСАЛЫДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ
«Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қармақшы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында Елбасының биылғы жолдауын насихаттау, аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында кездесу өтті.
Аталмыш шараны аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры М.Ибраев ашып, жолдаудың қоғамдағы маңызын түсіндіріп өтсе, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов және аудандық мәслихат депутаты К.Раева жолдаудағы басым бес бағытқа және жастарға арналған бағдарламаларға тоқталды. Шара соңында аудан жастары ұсыныс-пікірлерін айтты.