» » "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ


1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Аталған шара биыл 10-ыншы рет ұйымдастырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов мәлімдеді.
Акция жыл сайын аз қамтылған және көпбалалы отбасы, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықпен қамту мақсатында ұйымдастырылады. Бүгінде «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетуді қажет ететін балалар тізімі әзірленуде. Аталған тізім бойынша балалар әр мекемеге бекітіледі, «қауіпті топ» балаларын анықтауға байланысты рейдтік шара ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Балаға мейірім сыйла!», «Бар жақсылық балаларға», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтеді. Алыс елді мекенде мектеп формасы мен құрал-жабдықтардың жылжымалы жәрмеңкесі өтеді. Биыл 18765 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Ал, облыста қолайсыз отбасында 2241, көпбалалы отбасында 34803, тұрмысы төмен отбасында 18749 мектеп жасындағы бала тәрбиеленеді.
02 тамыз 2018 ж. 1 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930