МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
– Соңғы жылы республика бойынша, Сыр өңірінде көлік саласы қарқынды дамуда. 2017 жылдың тамыз айында 200 автобусқа арналған халықаралық талапқа сай келетін, заманауи үлгідегі жаңа автобус паркі іске қосылды. Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында, 2018 жылдың 18 шілдесінен бастап көршілес Өзбекстан елімен халықаралық «Қызылорда – Ташкент – Қызылорда» автобус маршруты жұмысын бастады. Сонымен қатар, бизнес өкілдері мен Ресейде оқып жатқан Сыр түлектеріне тікелей көлік қатынасын пайдалануға мүмкіндік беретін халықаралық «Мәскеу – Қызылорда – Мәскеу» рейсі ашылды. Көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыс бұдан әрі жалғасады, – деді Қ.Көшербаев.