«Қызылорда – Ташкент - Қызылорда» тұрақты маршруты ашылды
Халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында «Қызылорда – Ташкент - Қызылорда» тұрақты маршруты ашылды.Бұл жолаушылардың екі ел арасында күнделікті, сағат 17-00 де қатынуына мүмкіндік берді. Билеттің құны – ересектерге – 3 мың, 7 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – мың жарым теңге.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Жезқазған, Сарыағашқа қалааралық автобустар қатынайды. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Ташкентке шамамен алты сағатта жетеді.