» » Комбинат салынады

Комбинат салынады

Биыл Шиелі ауданында 1200 бас ірі сүт өнімін шығаратын ферма іске қосылып, өңірдегі табиғи сүт өндіру үлесін арттыру жоспарлануда. Одан кейін сүт өндіру комбинатының құрылысы басталады.
Ішкі нарықты толық қамтығаннан кейін өнімдер сыртқы нарыққа да шығарылады деп жоспарлануда. Мал азығы өнімдері үшін берілетін жер аумағы ағымдағы жылы 1,3 мың гектарға көбейді. Бұдан басқа, ауылшаруашылығы кооперациялары арқылы мал шаруашылығын дамытуға жеке қосалқы шаруашылық мақсатты түрде тартылған. Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтан құрылған 105 кооперативтің 73-і мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт өнімі қожалығы құрылды. Бір ғана 2018 жылы 250 жеке қосалқы шаруашылығы біріктіру жолымен 18 кооператив құрылды.
09 тамыз 2018 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930