» » Сыр өңірінде асыл тұқымды мал басы артып келеді

Сыр өңірінде асыл тұқымды мал басы артып келеді

  Сыр өңірінде репродукторлы шаруашылық саны 14-ке жетті. Олар американдық «Санта Гертруда» және қалмақ тұқымды ірі қараны да жерсіндіре бастады, деп хабарлады 24 кз.
Дегенмен, басым бөлігі қазақтың ақбас сиырын көбейтуде. Соның бірі Қармақшы ауданының Қуандария ауылындағы шаруашылық. Жақында ғана «Ақбас» тұқымды 130 сиыр мен 5 бұқасын сатып алған кәсіпкер алдағы уақытта 200 басқа арналған бордақылау алаңын салып, ет өндіру цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ет-сүт бағытындағы «Мұғалжар» тұқымды жылқы шаруашылығын да жолға қоймақ.
Болат Бөгетов, шаруа қожалығының төрағасы:
– Ауданда менің көріп жүргенім ақбас сиырлардың тек бұқаларын ғана әкеліп, жергілікті сиырларға салып жүргендер бар. Ал аналығын да, бұқасын да таза ақбас қылып әкеліп отқандарды әлі естіп көрген жоқпын. Алдағы 3 жылда сол 132 басты 500 жеткізсем деген және ауыл тұрғындарына жұмыс болу үшін, бағамын деген адамдарға сол бұқалардан беріп, үстіндегі өздерінің көрген жемісін жесін деймін.
Бүгінде мал баққанға түрлі қолдаулар бар. Асыл тұқымдысын сатып алғаннан бастап, оның әр төліне дейін мемлекеттен субсидия төленеді. Жасыл экономикаға бет бұрыс жасап, тың технологияны енгізгендер де мемлекеттік қолдауға ие.
Жағыппар Төлегенов, Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
– Жарық мәселесін сол күн батареясы дейміз, осы күн сәулесінен алатын сонымен де осы ауданымызда 6-7 шаруашылықта бар қазір. Алды мемлекет тарапынан берілетін көмек субсидия дейміз, соны да алып жатқандар бар 80 пайызын. Асыл тұқымды бұқаға да алады 150 мың теңгеден. Селекцияға қатысқан мүйізді ірі қара малдарына 10 мың теңгеден, ертең төліне қосылады. Несиелендіру бойынша үлкен бағдарлама бегітілді. Ол енді алдағы уақыттың еншісінде. 15 жылға 4 пайызбен несие беру.
Мамандар соңғы 5 жылда облыста ет өндіру 2,7 есеге, сүт өндіру 1,6 есеге артқанын айтады. Мемлекеттік қолдаулар арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтумен қатар, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туды.
Арыстанбек Омаров, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
– Бұдан өзге қазір жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңге асыл тұқымды мал сатып алғандарға жұмсалады. Сосын мүйізді ірі қара, қой малдарын қолдан ұрықтандыру. Бұл да осы тұқым түрлендірудің бір түрі, мал тұқымын асылдындырудың. Асыл тұқымды малдың ұрығын әкеліп, соны қолдап ұрықтандыру арқылы жеке шаруа қожалықтар, фермерлік қожалықтарда осындай жұмыстар атқарылып отыр.
Салада шешімін күткен мәселелер де жеткілікті. Бұл ретте жайылымдық жерді барынша тиімді пайдаланып, ет, сүт, жүн, теріні терең өңдейтін жаңа технологияларды енгізу және жеке секторда отбасылық шағын тауарлы өндірістерді ұйымдастыру мен оларды ауыл шаруашылығы кооперативіне біріктіру шаралары жалғаса бермек.
12 маусым 2018 ж. 1 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031