» » Белсенділер бас қосты

Белсенділер бас қосты

  Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен ассамблея жанындағы Жастар қанатының  белсенділер слеті өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйла Төрешова, орта және арнаулы оқу орындарында оқитын түрлі этнос жастары, облыстық "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері қатысты.
         Слеттің мақсаты – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын кең көлемде насихаттау, жастардың қоғамдағы орнын айқындау, жастар арасында белсенді орта құрып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, бірлігі жарасқан отансүйгіш жастардың санын арттыру және ҚХА жанындағы Жастар қанатының құрамын толықтыру. 
         Айтулы шарада дарынды жастардың туындылары топтастырылып, арнайы келген қонақтарға таныстырылды. Слетте алғы сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жастарды қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтауға, бірлік пен бірегейлікті нығайтуға шақырды. Ұлт арасындағы достық мен бірлікті бекемдеуге бағытталған қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан жастарды түрлі номинациялар бойынша марапаттады.
         Шарада «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қазалы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Светлана Крюгер,  кәсіптік-техникалық білім беру бағыты жайында Сырдария аудандық аграрлы-техникалық колледжінің студенті Евгения Кочерещенко сөз сөйлеп, №2 Мұрагер мектебінің 10-сынып оқушысы пәндік олимпиада жеңімпазы Евгений Демиденко, «Өнеріміз, саған,Қазақстан» фестивалініңлауреаты Руслан Рызманов «Атамекен» әнін шырқады. Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы облыстық жастар қанаты белсенділері слетінің  Үндеуі оқылды.
         Шара соңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйла Бегалықызы облыстық жастар слеті жұмысының маңызды екенін, алдағы уақытта жаңаша форматта өтетінін айтты.
04 қаңтар 2018 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031