ШЫМЫР ЖАСТАР СЫНҒА ТҮСТІ
Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы аясында «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы аясында «Сыр сүлейлері» аллеясында қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс сынды спорт түрлеінен спорттық сайыс өтті. Шара Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында және жастардың ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырылған. Сайысқа қала жастары белсенді қатысты. Жеңімпаздар алғыс хаттар, кубок және медальдармен марапатталды.