» » ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ


Қызылорда облысы мәслихатының кезектен тыс  ХХІV сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған аймақ бюджетінақтыланды.
 «Бүгін облыстық мәслихат сессиясының қарауына аймақ  бюджетін нақтылауды ұсынып отырмыз.Үнемделген  қаржыларды Елбасының биылғы қазан айындағы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға және өңірдің кезек күттірмейтін басым бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде»,-деді аймақ басшысы.
 «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 131,2 млн.теңге несие қаржысы қарастырылған. Келісілген жоспарға сәйкес, облыстық бюджет есебіненқалған 800 адамды «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытуға 36 млн.теңге қарастырылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында 1600 адамды оқыту жоспарланды. Оның 800-і республикалық бюджет есебінен кәсіпкерлік негізіндегі оқыту курстарын бітірді.
  Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн.теңге қаражатты бағыттау көзделіп отыр. Қазір өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында түрлі саладағы 75 жоба іске асуда.
Сонымен қатар, жаңадан іске қосылған 13 білім беру  нысанының шығындарын өтеуге 178 млн.теңге және Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты 111 жиынтық-сыныптарын қаржыландыруға қосымша 90 млн.теңге қарастырылуда.
«Жылдың аяқталуына небәрі бір жарым ай ғана уақыт қалды. Барлығымыздың міндетіміз – жылды оң нәтижемен қорытындылау. Өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, жүйелі қабылданған шаралардың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысыменЖалпы Өңірлік Өнім (ВРП) бойынша оң векторға шықтық. Бұл межені - мұнайдың жыл сайынғы және бүгінгі таңда уран өндіру көлемінің де төмендеуіне қарамастан, биыл да сақтаймыз деп отырмыз»,-деді аймақ басшысы.
Бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, соңғы 3 жылда өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 есеге жуық, жұмыспен қамтылғандар саны 55%-ға, еңбек өнімділігі 18%-ға өсті. Осы жылдың аяғына дейін тампонажды цемент зауыты, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық  жасау цехы, ал 2019 жылы шыны зауыты мен  жылына 1,5 тонна  құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылады. «Баласауысқандық» кен орнында ванадийдің бес тотығы өндірісі қуаттылығын арттыру, тұзды қайта өңдеу және кальцийленген сода зауытының құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Аймақтың  маңызды саласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жыл қорытындысымен 2017 жылға қарағанда өсім 4,5%-ды құрайды деп күтілуде.  Ал, атқарылған құрылыс жұмыстардың көлемі 2,2%-ға,  пайдалануға берілген тұрғынүйлер көлемі  667,4 мың шаршы метрді құрап, 9%-ға өсуі ықтимал.
Әлеуметтік сала бойынша, 2018 жылы 10 070 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінде 10 айдың өзінде 10 605 жұмыс орны құрылып, жоспар  5,3 пайызға артығымен орындалды.
14 қараша 2018 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031