» » Тегін білім алуға мүмкіндік бар

Тегін білім алуға мүмкіндік бар

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық, әлеуметтік мәселені шешуді ғана емес, сонымен бірге техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуді де көздейді.
Осы орайда Жалағаш ауданында қыркүйек айынан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра алмаған және оқу орындарына түспеген мектеп түлектерін тегін ұзақ мерзімді кәсіптік және техникалық оқыту жоспарланып отыр.
Мәселен, Жалағашта биыл оқуға ниет білдірген 20 азаматты «Ауыл шаруашылық өндірісіндегі «тракторшы-машинист» мамандығы бойынша оқыту жоспарда бар. Түлектерге стипендия, жол ақысы және бір реттік ыстық тамақ беріледі.
Ал жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша бюджеттен 26,4 млн теңге қаралды. Бұл қаржыға 100 адамды қысқа мерзімді оқуға жіберу жоспарланды. Есепті мерзімге «аспазшы», «электромонтер» және «тракторист-машинист» мамандығы бойынша барлығы 47 адам жолданып, оған 2,3 млн теңге қаржы төленген.
03 қыркүйек 2018 ж. 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031