» » ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ОҚЫТТЫ

ТӘЛІМГЕРЛЕРДІ ОҚЫТТЫ


Облыстық кәсіпкерлер палатасының «Тәлімгерлік мектебі» аясында екі күндік оқыту семинары өтті. Кәсіпорын қызметкерлері қатысқан шарада Астанадан арнайы шақыртылған «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева теорияда алған білімді тәжірибеде ұштастыру мәселелеріне тоқталды.
Мәселен, дуалды оқыту бойынша студенттер оқу орнында теориялық білім алса, кәсіпорындарда тәжірибе жинақтайды. Тәжірибеден өтуші практикант-студенттерге белгіленген тәлімгерлер көп жағдайда нені, қалай үйрету керегін білмейді. Осы ретте, «Атамекен» ҰКП биылдан бастап «Тәлімгерлік мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Облыста дуальды оқыту жүйесін енгізген 22 колледж бар. Студенттер дуальды оқыту жүйесі аясында экономиканың басым 9 саласы бойынша даярлануда. Бүгінгі таңда кәсіпорындармен 180 келісім шарт жасалған. Нәтижесінде бүгінде Жол картасы аясында 1173 студент оқытылуда.
 – Тәлімгерлік институтын қалыптастыру маман даярлауда ерекше маңызға ие. Жаңадан келген маманды ортаға бейімдеп, жұмыстың жай-жапсарын түсіндіру, бағыттау, қызметкердің әлеуетін көтеру жұмыс өнімділігін арттыруға да, кадрды тұрақтандыруға септігін тигізеді. Біз сол үшін де тәлімгерлердің дайындығына мән береміз. Жоба осынысымен де құнды, – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанна Сқакова.
Екі күндік семинар үш кезеңге бөлінді, олар нормативті-құқықтық база білімін, теориялық және тәжірибелік машықты нығайтуға негізделген. Тәлімгерге жұмыс орнында оқыту үлгісін қалыптастыру, оқытуды құрылымдық жоспарлау туралы түсіндірілді. Шиеленісті жағдайда қалай жұмыс істеу керегі де назардан тыс қалмады. Семинар соңында аталмыш мектеп аясында оқыған тәлімгерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификат табысталды.
А.ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
22 қараша 2018 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031