» » ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТАТУСЫН ИЕЛЕНДІ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТАТУСЫН ИЕЛЕНДІ

   Аймағымызда  техникалық және кәсіптік білім беретін 30 мекеме бар. Бүгінде аталған арнаулы білім ордаларында 97 мамандық пен 167 біліктілік бойынша 22480 студент білім алуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, былтыр жастарға жұмысшы мамандығын тегін алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы басталды. Жұмысшы мамандығына мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3088 орын бөлінді. Дуальды оқыту технологиясына негізделген кәсіптік білім беру саласында 23 колледжде 78 мамандық бойынша 1926 студент білім алуда. 25 техникалық және кәсіптік оқу орнында 48 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары тәжірибе ретінде енгізілді.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ» медициналық колледжі халықаралық институционалды аккредитациядан өтті. Сонымен қатар, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Қазалы көлік-техникалық колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі жоғары колледж статусын иеленді.
15 ақпан 2018 ж. 1 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031