VIII Азаматтық форум
Кеше Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VIII Азаматтық форум жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Екі күндік шараға үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастықтың 850-ден астам өкілі, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
«Бұл Елбасының саясатын қолдайтын, еліміздің жарқын болашағына сенетін азаматтардың форумы десек болады. Мұндай кездесулер халықты, азаматтарды қанаттандырып, олардың қызметіндегі жоба-жоспарларын табысты жүзеге асыруға зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Президенттің бастамаларын лайықты іске асыруда Қазақстанның азаматтық секторының рөлі аса маңызды, – деді форум жұмысын ашқан Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев. Форум барысында азаматтық қоғам институттарының біріге қызмет ету мәселелері, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы құқықтық қарым-қатынас базасын дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды. Форум аясында 2018 жылдан 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы ұсынылды.
Айта кетейік, Азаматтық форум әлеуметтік бастамалардың ең үздік тәжірибелерін ұсыну мақсатында екі жылда бір рет өткізіледі. Биылғы отырыс аясында семинар мен шеберлік сабақтар, дөңгелек үстел, пікірталас алаңдары, министрлік және сала басшыларымен кездесу форматында 35 тақырыптық сессия ұйымдастырылды.