» » үкіметтік емес ұйымдар 29 мыңнан астам адамды қамтып отыр

үкіметтік емес ұйымдар 29 мыңнан астам адамды қамтып отыр

Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік қамту секторына айналуда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінгі жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауда. «Үкіметтік емес ұйымдар еліміздің қоғамдық-саяси процестеріне ықпал ететін белсенді азаматтық қоғам институттарының бірі болып отыр. Үкіметтік емес ұйымдар нақты әлеуметтік қамту секторына айналуда. Статистикалық мәліметтерге сай, үкіметтік емес ұйымдар саласында 29 мыңнан астам адам қамтылған. Елімізде ҮЕҰ секторын мемлекет тарапынан қолдаудың келесідей механизмдері қалыптасып, жұмыс істейді, ол: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар», -деді Нұрлан Ермекбаев. Оның сөзіне қарағанда, ұсынылған заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатындағы ҚР Үкіметінің Заңды жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес әзірленді. Құжат нормаларын әзірлеу барысында ең озық тәжірибелер есепке алынды. Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Польша, Франция мен Хорватия сияқты елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенді. Мысалы, Ұлыбританияда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастырмай тұрып, нақты аймақтардағы көкейкесті әлеуметтік мәселелер анықталады. «Шетелдерде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің маңызды аспектісі ол - есеп беру. Өйткені қоғам осы деректердің көмегімен үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәнін түсінеді. Жұмыс тобының отырыстары аясында заң жобасындағы нормаларды нақтылау мен жетілдіру мақсатында депутаттар бірқатар түзетулерге бастамашылық етті. Заң жобасында«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне және 5 заңға өзгерістер_мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасының негізгі міндеттері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуын жетілдіруге бағытталған», - деді министр.

31 қаңтар 2018 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031