Қазақ мәдениеті Түркияда халықаралық көрмеде таныстырылды
6-8 желтоқсан аралығында Түркияның Измир қаласында "Travel Turkey Izmir 2018" халықаралық көрмесі өтеді. Бұл туралы ҚР Түркиядғы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2017 жылы "Travel Turkey Izmir" көрмесіне 36 елден 1284 қатысушы және 63 елден 44 589 келді. Биыл Түркияның Измир қаласындағы ең үлкен және заманауи Fuar Izmir көрме кешенінде 20 000 м2 астам алаңда ұйымдастырылды. Оған туризм саласындағы 50 000 кәсіпкер қатысып жатыр. Халықаралық көрмеге елімізден туризм индустрия өкілдері делегациясының баруын Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.