» » Қазақстандық Түркияда топ жарды

Қазақстандық Түркияда топ жарды

Түркияның Ыстанбұл қаласында грек-рим күресінен өткен Вехби Эмре атындағы халықаралық турнир Айдос Сұлтанғали чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей жыл сайын өтетін дәстүрлі жарыс биыл Түркия жерінде 36-шы рет ұйымдастырылды. Биылғы додаға әлемнің 25 елінен ең таңдаулы балуандар қатысты. Аталған турнирде қазақстандық балуандар да бақ сынап, 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды. Жалғыз алтын медалді 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали ел қоржынына салды. Ол финалдық бәсекеде молдовалық Виктор Киобанудан айласын асырды. Ал, 55 келідегі Хорлан Жақанша мен Жансерік Сәрсенбиев және Ибрагим Магомедов (72 келі) пен Тамерлан Шадукаев (77 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыстың төртеуінде түрік балуандары топ жарса, Беларусь балуандарына 2 алтын медаль бұйырды. Ал Әзербайжан, Қазақстан, Грузия және Украина балуандары бір алтын медальдан алды.

23 шілде 2018 ж. 1 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930