» » Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығады?

Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығады?

Пхенчхан Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шығуы мүмкін.
Биыл 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Жылдың айтулы додасында 2 мыңдай спортшы бағын сынамақ. Ал қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасын алу үшін лицензиялық жарыстарға қатысып жатыр.
«Біздің спортшылар 9 спорт түрінен 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда спорттың 4 түрінен 33 лицензия: биатлоннан 10, шорт-тректен 10, мәнерлеп сырғанаудан 3 және конькимен жүгіруден 10 жолдама бар», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев.
Оның айтуынша қазақстандық атлеттер шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы және фристайлдан да жолдама алуға үмітті.
«Фристайл-могул спортынан Дмитрий Рейхард, Юлия Галышева, сонымен бірге биатлоншыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Шорт-тректен ұлттық құрама спортшыларына ерекше тоқталғым келеді. Олар әлем Кубогының барлық лицензиялық кезеңдеріне қатысып, 10 жолдама жеңіп алды. Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Қазақстан туын ұстап шығады деп жоспарланып отыр. Оның Қазақстан құрамасы сапында жарыстарға қатысып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Олимпиада ойындарында туды ұстап шығуға лайықты кандидат екеніне сенімдіміз», - деді ол.
Абзал Әжіғалиев 2016 жылы Солт-Лейк Ситиде өткен шорт-тректен әлем Кубогының екінші кезеңінде алтын медаль иеленді.
09 қаңтар 2018 ж. 1 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031