» » Жантүршігерлік жол апаты орын алып, кішкентай бала ауруханаға түсті

Жантүршігерлік жол апаты орын алып, кішкентай бала ауруханаға түсті

  Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Toyota Corolla жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен көліктің кесірінен аударылып қалған деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Toyota Corolla жүргізушісінің сөзінше, ол Іле трактімен Покровка аулының маңында солтүстік бағытта келе жатқан. Алайда, оның алдынан кенеттен жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кеткен көлік шыға келеді.

Toyota тізгініндегі бойжеткен соқтығысуды болдырмас үшін көлігін жолдың шетіне қарай бұрын жіберген. Нәтижесінде темір тұлпар жол белгісіне соғылып, артынан Audi көлігін сырып өте аударылып қалған.
Анықталғандай, бұл сәтте жолаушы орнында кішкентай бала отырған. Toyota Corolla жүргізушісі мен балақай бірден ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда екеуінің жарақаты аса ауыр болмаған. Алайда, олар әлі де шок күйінде екені белгілі болды.
Жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, апатты жағдай тудырған көлік жүргізушісі бірден оқиға орнынан ізін суытқан.
15 наурыз 2019 ж. 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930