» » » 2018 жылдың үздік көліктері

2018 жылдың үздік көліктері


Американдық Consumer Reports басылымы биылғы ең үздік көлік маркаларының тізімін жасады. Жол сынағы, сенімділік, жүргізушінің қанағаттауы және қауіпсіздік талабы ескерілген бұл рейтинг көлік әуесқойлары үшін өте маңызды. Өйткені транспорт ең қымбат сауда болғандықтан жұмсалған ақшаның өзін өзі ақтағаны жақсы. Жыл сайын рейтинг жасап келе жатқан аталған басылым көлік таңдауда сенімді серіктес іспетті.   
Анықтама үшін айта кетейік, Consumer Reports АҚШ-тың коммерциялық емес “Consumers Union” (Тұтынушылар одағы) мекемесіне қарасты ай сайын шығатын журнал. Онда 50-ден астам зертхана мен зерттеу орталықтарында тәжірибеден өткен салыстырмалы сынақ нәтижелері ұдайы жарияланып тұрады. Consumer Reports-тің эксперт-аналитик мамандары жазғанындай, үздіктер тізіміне үміткер әрбір модель өз категориясында шамамен жалпы балға ие болу керек.  
Compact Car: Toyata Corolla
Toyata Corolla моделі жинақы көліктер класында бірінші орынға ие. Күнделікті жүріп-тұруға ыңғайлы, үнемді седанның АҚШ-тағы құны 18600 долллардан басталады.
Compact Green Car: Chevrolet Bolt
Жүріп келе жатқан кездегі иістұтқыш әсерінен Chevrolet Bolt моделі экологиялық таза деген атауға ие болды. Электромотор бағасы 37495 доллардан басталады.
Luxury Compact Car: Audi A4
Consumer Reports сарапшылары жазғанындай, қалта көтеретін, әйтсе де қымбат көрінетін көлік алғысы келген адам немістің Audi A4 седанына еріксіз назар аударады.
Midsized Car: Toyota Camry
 Биылғы орта көлемді көліктер класы бойынша ең үздік модель Toyota Camry деп танылды. Жапонның бұл жаңалығы өзінің басты бәсекелесі саналатын Honda Accord-ты басып озды. Мамандар автокөліктің мінсіз өңделуін әрі жүрісінің жайлылығы мен жанар-жағар май үнемділігін жоғары бағалап отыр.
Large Car: Chevrolet Impala
Автокөлік әуесқойларының үлкен махаббатына бөленбегеніне қарамастан Chevrolet Impala үлкен көліктер сегментінің «інжуі» саналады. Кеңістік пен жоғары класты жүргізу тәжірибесін талап ететін көліктің құны 27895 доллардан басталады.
Compact SUB Subaru Forester
Соңғы жылдары жапондық Subaru компаниясы ірі табыстарға қол жеткізді. Соның бірі Consumer Reports басылымы 2018 жылдың жол талғамайтын үздік көлігі деп таныған Forester моделімен тығыз байланысты. Subaru Forester ірі бәсекелестерінің біразын басып озғанын айта кету керек.
Luxury Compact SUV: BMW X3
BMW X3 моделі биылғы жол талғамайтын қымбат көліктердің бірі. Тұтынушылардың сөзімен айтсақ, су жаңа BMW X3 жүргізудің өзінен ғажайып ләззатқа бөленетін, жайлы, жоғары технологиялық озық үлгісімен қызықтыратын әрі әдемі көлік саналады.
                                                                                     Аударған: Айша
 
02 тамыз 2018 ж. 1 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031