» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМ БЕРУ ІСІНЕ ҚОЛДАУ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМ БЕРУ ІСІНЕ ҚОЛДАУ


10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұғалімдермен болған басқосуға «Рухани жаңғыру» облыстық орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы, педагогика ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлима Жақыпқызы Әбдіхалықова қатысып, Жолдау төңірегінде ой қозғады. Өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламалары негізінде атқарылып жатқан жұмыстар мен межеленіп отырған міндеттер туралы айта келіп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Е.Микеева бұл бағыттағы лицейдегі жұмыстарға тоқталды, Жолдауда жеткізілген міндеттер үдесінен шығып жүрген оқушыларымыздың жетістігін тілге тиек ете отырып, республикалық «HackDay» идеялар фестиваліндегі «Ақылды аялдама» жобасының І орын иегері, 11-сынып оқушысы Ә.Жақсылыққа жаңашыл ізденісі туралы айтқызды. Лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Б.Қосаева Елбасы Жолдауына жалпы шолу жасап, негізгі түйінді тұжырымдарды жеткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Н.Есбосын «Адами капитал – жаңғыру негізі» міндеті бойынша өз ойын ортаға салып, білім берудің жаңа сапасы, мұғалім мәртебесін арттыру жұмыстары, жаңартылған білім мазмұны туралы айтты.
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыздың бағыт-бағдарын бағамдап берген Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін маңызды құжат болатындығы туралы ортақ ой өрбіткен лицей ұжымы басқосудан ой түйіндеп, жарқын леппен тарасты
11 қаңтар 2018 ж. 2 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031