» » ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР


Елбасы Қазақстан халына  арнаған жолдауын жариялағаны баршамызға аян. Жарияланған сәттен бастап қоғамның қызу талқысына түскен жолдау – еліміздің даму сатысын одан әрі жалғастырып, бағдарламалық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін және еліміздің цифрлық-технологиялық дамуын жеделдететін құжат. Аталмыш жолдауға арқау болған негізгі тақырыптардың бірі «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын одан әрі іске асыру және күн сайын  құбылып жатқан дүниеде жаңа технологиялық қалыпқа сай адамның өмір сүру сапасын арттыру.
Қазақстан – әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, тәуелсіз ел ретінде өзіндік брендін қалыптастырып үлгерген мемлекет. Сөзіміздің дәлелі, өткен 2017 жылы еліміз ТМД мен Шығыс елдерінің арасында бірінші болып бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін табысты ұйымдастырды. Сонымен қатар аталмыш көрмені 3 млн аса адам тамашалап, ел қазынасына мол қаржы құйылған болатын. Бұл өз кезегінде әлем елдері алдындағы еліміздің беделін тағы бір көтере түсті.
Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы осыған дейінгі атқарылған жұмыстардың жалғасы іспеттес. Себебі, жолдауда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Биылғы жолдауда көрсетілген нақты 10 міндет арқылы қоғамдағы қордаланған кейбір мәселелерді шешуге, сәйкесінше Қазақстандық дамудың жаңа моделін қалыптастыра түсуге бағытталғандай. Әсіресе маған ерекше қуаныш сыйлағаны  «Адами капитал - жаңғыру негізі» тақырыбындағы жолдаудың жетінші бағыты. Бұл ретте елбасы еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін тек қана мемлекеттің дамуы маңызды емес, соған сай адамның дамуы, адам капиталының өсуі, бәсекеге қабілетті болуы шарт дегенді меңзейді. Сонымен қатар осы бағытта Қазақстандықтардың  бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуы үшін бірнеше тілдерді еркін меңгеруі, білім беру саласында озық технологияларды пайдалана отырып, білім беруде өзіміздің озық жүйемізді қалыптастыруды мақсат етеді. Технологиялық прогресс – қазіргі таңда білім беру ұйымдары мен өндіріс орындарынан шығып, күнделікті өмірімізге дендеп еніп бара жатқанын мойындауымыз керек. Ал оларды басқару үшін компьютерлік сауаттылықтан бастап, тіл білімінің ролі орасан зор. Осы ретте ағылшын ғалымының «Экономиканың дамуы үшін бір компанияның жүз қадам аттап  дамығаны маңызды емес, жүз компанияның бір қадам аттап дамығаны маңызды» деп айтқан аталы сөзі ойға оралады. Сол секілді технологиялық даму үдерісіне бет түзеген еліміз үшін биылғы елбасы жолдауы- дамудың жаңа сатысына жетелейтініне бек сенімдімін. Алдағы уақытта осы жолдау  жүктеген міндеттерді жұмыла орындауға барша отандастарымды шақырамын! Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі арта берсін!
11 қаңтар 2018 ж. 3 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031