» » Елбасы Сауд Арабиясының королімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Сауд Арабиясының королімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасып, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазан айындағы Сауд Арабиясына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Сауд Арабиясының Королі екіжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін айтып, саудиялық компанияларға Қазақстандағы мұнай және газ өңдеуге арналған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу жөнінде тапсырма беруге ниетті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қазақстан Президентін Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің табысты өтуімен құттықтады.
Сондай-ақ, екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды. Естеріңізге сала кетсек, Назарбаевтың Трамппен кездесу үшін Вашингтонға барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

16 қаңтар 2018 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031