» » «Астана» қаржы орталығы алаңында IPO жүргізілмек

«Астана» қаржы орталығы алаңында IPO жүргізілмек

«Астана» халықаралық қаржы орталығының акциялары үшін IPO жүргізу көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Үкімет үйінде Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауына аясында бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ел экономикасының дамыту бойынша белгіленген 10 міндетті атап өтті. Экономика министрлігі Жолдаудағы 10 міндетті орындау үшін 87 шараны іске асыруды қарастырмақ. Министр өз сөзінде Жолдаудағы төртінші міндет, яғни, көлік логистиканы дамыту үшін 3 шара жоспарланғандығын атап өтті. «Цифрлық технологияларды енгізу арқылы көліктік құралдарды көбейту қарастырылған. Сонымен бірге, өңірлердегі жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттерді қоса алғанда 150 млрд теңге тарту көзделуде», - дейді Тимур Сүлейменов. Сонымен бірге, министрдің айтуынша, Жолдаудағы алтыншы міндетті орындау үшін 8 шара қарастырылып отыр. «Жолдауда белгіленген 10 міндеттің алтыншысы бойынша «Қаржы секторын жаңғырту» аясында 8 шара қарастырылған. Олардың барлығы Ұлттық банктің қаржы секторын дамыту бойынша бағдарламасына сай іске асырылады. Нақтырақ айтқанда, бұл шаралар бизнесті ұзақ мерзімге несиелеуге бағытталған. Сонымен бірге, Халықаралық қаржы орталығы алаңында IPO жүргізуге дайындық жасалуда. 2018 жылы «Самұрық Қазынаның» бірқатар портфельдік компанияларында IPO жүргізу қамтамасыз етілген», - дейді Тимур Сүлейменов.

16 қаңтар 2018 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031