» » Арыс: Тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Арыс: Тұрғындар эвакуацияланып жатыр

  Бүгін Арыс қаласындағы әскери қоймада шыққан өрт жарылыстарға ұласып, ондаған адам зардап шекті. Түркістан облысы әкімі төтенше жағдай жариялап, тұрғындарды қаладан көшіру туралы шешім қабылдады.
Билік орындары жарылыстан зардап шеккен 25 адамның Шымкенттегі № 1 қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлады. Оның бесеуі - бала. Аурухана бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, халі ауыр үш адам жан сақтау бөліміне жатқызылған. Бұған қоса, Отырар аудандық ауруханасында Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 34 адамға медициналық көмек көрсетілген.
Нұр-Сұлтанда журналистер сұрағына жауап берген Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев "Төтенше жағдайдың ауқымы мен себебі туралы ақпарат жоқ" деді. Сондай-ақ ол жарылыс болған әскери қоймада қанша қару-жарақ пен қарудың қандай түрлері сақталғанын айтқан жоқ. Оның сөзінше, "өрт шыққан жердегі отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр".
40 мыңнан астам адам тұратын Арыс қаласындағы төтенше оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде лезде тарады. Жергілікті тұрғындар жарылыс болған сәт түсірілген видеоларды жариялады. Онда қуатты жарылыстан кейін әуеге қою түтін көтерілгенін байқауға болады.Әлеуметтік желіде жарияланған кей видеоларда тұтқиылдан болған жарылыстан үрейленген адамдардың кейібеуі көлікпен, кейбірі жаяу-жалпы қашып бара жатқаны бейнеленген. Кейбір деректерге сүйенсек оншақты рет снарядтар жарылып, аппақ дүмпу көрінген. 
Осы орайда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шұғыл брифинг өткізіп, тұрғындардың эвакуацияланып жатқанын және олардың
қауіпсіз орынға орналасатынын жеткізді.
"Арыс қаласын толық эвакуция жасалынуда. Барлық бағыттар бойынша арнайы көліктер адамдарды жақын маңдағы елдімекендердегі арнайы лагерьлерге апаруда. Бұл іске әрбір аудан әкімдері басшылық етеді", – деді Шөкеев.
Ал Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына барып, болған жайт бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.
"Қорғаныс, ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет" деп Тоқаев.
24 маусым 2019 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930