» » Көпқабатты үйдің жарылуынан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті

Көпқабатты үйдің жарылуынан көз жұмғандар саны 3 адамға жетті

  2019 жылғы 27 ақпан күні сағат 06:21 минут шамасында Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына 103 желісі арқылы Тараз қаласы, 9-мөлтек ауданы, 61-үйде жарылыс орын алғаны және зардап шеккен азаматтар туралы хабарлама келіп түскен.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жалпы зардап шеккен азаматтар саны – алтау. Үш азамат оқиға орнында қаза тапқан.
3 науқас №1 және №2 қалалық аурухана және Жамбыл облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
«Үш науқасқа аурухананың қабылдау бөлімшесінде емдік іс-шаралар жүргізіліп, дәрігердің бақылауында болып, емдік іс-шаралар аяқталғаннан кейін амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне шығарылды. Ауруханада жатқан науқастар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген», – делінеді хабарламада.
№47 мектеп базасына зардап шеккен азаматтарға медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында дәрігерлер мен психолог мамандары тартылып, ұйымдастырылды.
Stan.kz
27 ақпан 2019 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930