Ұлыбританияда жалғыздық мәселесімен айналысатын «министр» пайда болды
Британ үкіметі жалғыздық мәселесі назар аударатын проблемаларының бірі екендігін айтты. Билік бұл мәселені шешуді қазіргі спорт және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі министрдің орынбасары Трейси Краучқа жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап. Осылайша, британ үкіметі Лейбористер партиясының депутаты Джо Кокстың бастамасын қолдады. 42 жастағы Крауч «ұрпақтар мәселесін» қолға алатынына қуанышты екендігін жеткізіп, Ұлыбританияда өзін жалғыз сезінетін 9 миллион жастар мен қарттардың мәселесін шешетінін мәлім етті. Ұлыбритания премьері Тереза Мэйдің айтуынша, Джо Кокс ағылшын қоғамындағы жалғыздық проблемасын түсініп, осы сияқты адамдарға көмек көрсету үшін бар күшін аямаған. Былтыр жүргізілген зерттеу қорытындысы - жалғыздықтың денсаулыққа келтіретін зияны күніне 15 рет шылым шегумен пара-пар екенін көрсеткен.