Теңге соңғы бір аптада 1,6% нығайды
2018 жылғы 12 қаңтардан 19 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасалдыі.
19 қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 1,6% (329,67-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 324,27 теңге деңгейінда қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 12 қаңтардан 19 қаңтар аралығындағы маңызды оқиғалар АҚШ-тың экономикалық шолуын жариялау (“Ақшыл сары кітап”), ЕОБ өкілдерінің АҚШ-тың экономикалық тұрақтылығы және монетарлық саясатқа қатысты түсініктемелері, Қытай ІЖӨ-нің өсуі бойынша экономикалық деректер болды. Осы факторлар АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықтарда әлсіреуіне әкеліп соқты.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
• Түрік лирасы президент Реджеп Эрдоғанның Сириядағы АҚШ тарапынан қолдау тауып отырған курдтарға қарсы әскери күш қолдану туралы жариялауына байланысты Түрік Республикасы мен АҚШ арасындағы өршіп бара жатқан шиеленістің аясында 0,6% (3,75-тен 3,81-ге дейін) әлсіреді, бір апта ішінде Түрік Республикасының Орталық Банкі инфляцияның ықтимал баяулауына қарамастан. Қатаң монетарлық саясатты сақтау туралы шешім қабылады. Орталық банктің шешімі түрік лирасының әлсіреуін тоқтатты;
• Үндістан рупиясы 0,3% (63,64-тен 63,85-ке дейін) әлсіреді;
• Ресей рублі 0,2% (56,60-тан 56,72-ге дейін) әлсіреді;• Бразилия реалы 0,3% (3,21-ден 3,20-ға дейін) нығайды;
• Индонезия рупиясы 0,3% (13 316-дан 13 353-ке дейін) нығайды;
• Оңтүстік Африка ранді мөлшерлеменің төмендеуі туралы болжамға қарамастан Оңтүстік Африка Резервтік банкі базалық мөлшерлемені сақтауы аясында 1,4% (12,37-ден 12,20-ға) нығайды;
• Мексика песосы Еркін сауда-саттық туралы Оңтүстік Америка келісімін (НАФТА) қайта қарауға қатысты келіссөздер бойынша талдаушылардың нық сенімдерінің артуы аясында 2,1% (19,04-тен 18,64-ке дейін) нығайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!