» » Доллар арзандап, теңгенің құны өсті

Доллар арзандап, теңгенің құны өсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққанда орташа бағамы 324,04 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап. Бейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда,  шетел валютасының бағамы 1,46 теңгеге құлдыраған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 323,1 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 324,61  теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 189,9 млн долларды құраған. Бейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 325,5   теңге, күндізгі сессияда 324,84 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 325,2 теңге болған. Жалпы сауда көлемі 266,95 млн долларды құраған.  
20 қаңтар 2018 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031