» » Жерлесіміз жеңімпаз

Жерлесіміз жеңімпаз


         АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Астанадағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен «English with us» бренд елшілерінің байқауы өтті. Байқауға 300-ден астам өтінім келіп түскен сайысқа студенттер, оқытушылар, блогерлер, дəрігерлер, мемлекеттік орган қызметкерлері мен инженерлер қатысты.
  Байқаудың басты мақсаты – ағылшын тілін үйренудің әдіс-тәсілдері мен жетістіктерін насихаттау. Тартысты өткен байқауда сала мамандары өз деңгейін, ағылшын тілін меңгерген ынтасын, бейне өтінімі мен оған ілеспелі мәтіннің сапасы мен түпнұсқалығы, сондай-ақ қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бағаланды. Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен әр сала бойынша 8 қатысушы жеңімпаз атанды. Оның ішінде  жерлесіміз Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай газ инжинирингі» кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Әділбекұлы ағылшын тілін үйренуге арналған грант иегері атанды.
25 қаңтар 2018 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31