Үштілділік – заман талабы
Елімізде жалпы білім беретін мекемені жаңартудың ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі – баланың үш тілді еркін меңгеруіне жағдай жасау. Осы бағыттағы шаралар мектепке дейінгі білім беру ошақтарында көптеп ұйымдастырылуда. Оған дәлел «Алтын ұя» балабақшасында «Үйшік» ертегісі ағылшын тілінде сахналанып, соңы «Тілім менің – тірлігімнің жалғасы» атты сайысқа ұласты. Тәрбиешілер қызықты тапсырмалар арқылы 5-6 жастағы балалардың қазақ, орыс және ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырды.
Балалың мектеп жасына дейінгі кезеңі – тілдерді үйренуге ең қолайлы уақыт. Осы шақта бала зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті болады дейді ғалымдар. Осындай ерекшеліктерін ескерсек, үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды. Алдағы уақытта мұндай сайыстар жаңаша сипат алмақ.