» » Ғалымдар адам терісін шығаратын 3D принтер ойлап тапты

Ғалымдар адам терісін шығаратын 3D принтер ойлап тапты

«Испан ғалымдары адамның табиғи терісіндей, тері басып шығаратын биопринтердің концепциясын ұсынды», – деп хабарлайды Science News Journal. Карлос III бастаған Мадрид университетінің, қоршаған орта, энергетика және технология саласын зерттеу орталығының (CIEMAT) зерттеушілер тобы биологиялық материалдарды пайдалана отырып, 3D принтер ойлап тапты. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тері толық функционалды және оны медицинада трансплантологияда қолдануға болады. Зерттеушілердің бірі Хуан Франсиско дел Каньисо терінің арнайы «биологиялық сия» арқылы шығарылатынын айтқан. Терілер бірінен кейін бірі басып шығарылып отырады, яғни бұл адам терісінің құрылымын қайталайды. «Өндірілген» адам терісіндей терінің құрамында, теріні созылмалы ететін арнайы коллагендер жасайтын, эпидермис пен дерма бар. «Егер теріні өндіретін биоматериалдың өзін адамнан алсақ, кез-келген жағдайда трансплантация жасай аламыз. Демек, күйік шалған тері бөлігін аталмыш терілермен алмастыруға болады деген сөз», – дейді ғалымдар. Зерттеу жұмыстарына қатысқан BioDan Group фирмасы  осы -өнімдінарыққа шығаруды көздеп отыр.
01 ақпан 2018 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031