» » » Сыр түлегінің өнертабысы

Сыр түлегінің өнертабысы

Жас ғалым, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі Нұрғали Ақылбеков бактерияларға қарсы 10 есе биологиялық белсенділік көрсететін  препарат ойлап тапты. Оның бұл өнертабысы Ресейде патенттеліп, халықаралық дәрежеде мойындалған. Еңбектері еуропалық басылымдарда жарық көрген.Заманауи физикалық-химиялық талдау қондыр¬ғыларын меңгерген жас ғалым аз уақыттың ішінде өз жолын тапты. Ол бұған дейін Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырағын биопрепараттармен тазарту технологиясын әзірлеген. Енді медициналық химиядағы ізденістері жемісін берді. Өткен жылы Нұрғали биологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша қол жеткізген жеңістері туралы Италияның Милано-Мариттима қаласында өткен жас химиктер симпозиумында баяндама жасады. Аспирантураның 3-курсында оқып жүріп, әлемдік конференцияларға шақырту алу ол оқитын институтта бұрын-соңды болмаған жетістік екен. Ал былтыр еліміздің «Дарын»  Жастар сыйлығына ие болды.
Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін химия мамандығы бойынша оқып, үздік дипломмен бітірген. Осы оқу орнының «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында инженер, жетекші маман қызметтерін атқарған. Магистратурада оқып, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған. «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Н.Ақылбеков 2014 жылдан бері Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің «Органикалық химия» мамандығы бойынша аспиранты. Жас ғалым еліміздің химия ғылымының дамуына зор үлес қосып келеді. Ғылымды дамытуға, жастар саясатын жү¬зеге асыруға бағытталған жастардың инновациялық жобаларының халықаралық көрмелеріне, бірнеше шетелдік, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, көшбасшылығын көрсетті.
Жаңақорған ауданының Қожамберді ауылында туып-өскен талапты жас оқуын аяқтаған соң туған жерге оралып, ғылым жолындағы ізденістерін жалғастырмақ ниетте.
М.МЕРЕЙ.    
30 қаңтар 2018 ж. 1 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930