» » Туған қызына зорлық көрсеткен педофил сотталды

Туған қызына зорлық көрсеткен педофил сотталды

    
Түркістан облысында педофил 15 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды AstanaTV.
Телеарнаның хабарлауынша, ең сорақасы сотталушы кәмелет жасына толмаған туған қызына азғындық жасаған. Мұны жария еткен соң, әйелін де зорлаған. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті хабарлады. Жаға ұстатарлық жайт аймақта былтыр күзде болған. Әйелі күйеуінің азғындығын біліп, аудандық полиция бөліміне арызданыпты. Құзырлы мамандар Қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Күдікті жасаған қылмысын мойындап, қамауға алынды. Алайда келесі күні арызданушы жиі ішімдік ішкен күйеуін жазаламақ болғанын айтып, райынан қайтқанын хабарлаған. Бірақ мамандар қылмыстың болғанын дәлелдеп, іс сотқа жетті. Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов: «Әрине, тергеу барысында біз аймақтың менталитетін, туыстарының ықпалын ескердік. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеуді жалғастыра бердік. Бізге дәлелдерді әрбір бөлшектерден жинап, сараптама тағайындауға және кәсіби мамандарды да тартуға тура келді. Бұл үшін бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, облыстағы Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптама институтының мамандары әйел мен кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер шын мәнінде орын алғанын растады», – деді.
aikyn.kz
19 тамыз 2020 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031