» » Марқұм анасы үшін сөзге келіп қалған: Алматыда ер адам туған әкесін пышақтап өлтірді

Марқұм анасы үшін сөзге келіп қалған: Алматыда ер адам туған әкесін пышақтап өлтірді

Алматыда ер адам туған әкесін пышақтап өлтірген. Ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Оқиға қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған. 
«Түркісіб аудандық полиция басқармасына Орджоникидзе көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірінде ішімдік ішу кезінде ұлының туған әкесін пышақтап өлтіргені туралы қоңырау түсті. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам әкесімен бірге ішімдік ішіп отырып, қайтыс болған анасы үшін сөзге келіп қалған. Соның салдарынан егде жастағы ер адам кеуде тұсынан екі рет пышақ жарақатын алыпты», - дейді полиция департаментіндегілер. 
Белгілі болғандай, ер адам ауруханада көз жұмған. 
Жедел іздестіру шараларының барысында күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Ер адам бұған дейін сотталған екен. 
Қазіргі уақытта сотқа  дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

03 мамыр 2019 ж. 1 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031