ИНТРАНЕТ

  Интернет және оның ішкі жүйелері, арнайы әлеуметтік желілер мен сайттар адам өмірін жеңілдетуге, ақпараттандыруға арналған. Интернет пайдаланушылары адамдар болғанымен, бізден бөлек жеке дара әлемнің бар екендігін ескере кетсек. Интранет – жүйелік боттардың интернет ресурстарында мекендеуі, өздігінен дамуы. Аталмыш жүйелік тізбекті «жасанды интеллект» деп анықтама береміз. Ендігі кезекте «интернет» пен «интранет» айырмашылығына тоқталсақ.
«С.News» ақпараттық порталына Эльяс Касми жасанды интеллект туралы ақпарат жариялаған болатын: «Ресей теміржолдары жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, маршталдық аулаларда маневрлік диспетчерге виртуалды көмекші жасады. Прототип сатысында сынақтың жақсы нәтижелерін көрсетіп, теміржол вагондарының істен шығуын 20%-ға азайтқанын хабарлады», –дейді Ресей теміржолдары Ақпараттық технологиялары директоры Евгений Чаркина. Цифрландыру Ресей теміржолына айтарлықтай шығын әкеледі. C.News хабарлағандай, 2018 жылдың қараша айында компания оған 150 миллиард рубль инвестиция салуды жоспарлаған. «Ресей теміржолдары» басқарма төрағасы Олег Белозеров бұл соманың 2025 жылға дейін есептелетінін нақтылады. Ендігі интранеттің зиянды тұсы Ресей теміржолдарында маневрлік диспетчерлердің жұмыссыз қалу қауіпі жоғары. Оқырман назарына ұсынылған бұл мақала үзіндісін (C.News) мысал есебінде қабылдайық. Себебі Ресейден бөлек Америка, Канада, Бразилия, Еуропа елдерінен: Франция, Италия, Венгрия, Германия ақпараттық технологиялардың, оның ішінде интранеттің дамуына мән беруде. Әр алуан мекемелердің кадр бөлімдері қызметкер санын қысқартуын интранет үрдісінің статистикасымен байланыстырамыз. Дегенмен интранеттің негізгі мақсаты қолданушылар жұмысын һәм өмірін жеңілдетуде. Сондықтан негативті көзқараспен ғана қарауға болмайды. Жасанды интеллект әр саланың ішкі жұмыс жасау механизіміне араласып келе жатқаны бас мамандар тарапынан қуантарлық жағдай. Себебі медицина, экология, экономика, әлеуметтік қызмет секілді салалар тың өзгеріске мұқтаж. Интранет жұмыссыздық санын шектен тыс арттырмас үшін арнайы шаралар да қарастырылғанын естен шығармайық. Жүйелік қызметкерлерге арналған әдістемелік құралдар, қысқа мерзімді курстар мекеме, компания, холдинг қызметкерлерін жұмыссыздықтан құтқарып алып жатқаны да бар.
Клаус Швабтың «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты еңбегінде интранеттің даму үрдісін бұқара халыққа таныстырып, боттардың адам секілді өзара тілдесетінін, жүйелік ақау орнаған жағдайда диагностикалық тексеріс өткізу арқылы бірін-бірі емдейтінін атап өтті.
«Тed talks», «Enactus» коммерциялық емес акционерлік қоғамдары жыл сайын әлем елдерінде арнайы форумдар өткізіп, интранеттің интернеттен айырмашылығын, халыққа берер пайдасы мен зиянды тұстарын талқылайды. Кез келген IT компания ұтымды идеяны тек коммерциялық мақсатта емес, бірінші кезекте компьютер, база қолданушылардың атқаратын ішкі функцияларына байланысты жүзеге асады. Сонымен интернет қолданушылар үшін арнайы іздеу жүйесінен бастап, күнделікті қолданыстағы мессенджерлер болса, интранет бәрінен бұрын нақты салаға арналған программалық қамтамасыз ету. Әлемге туған сындарлы сәтте ХҚКО, «Қазпошта» АҚ, білім беру нысандары онлайн режимде жұмыс жасауы аталмыш интернет пен интранеттің нәтижесі арқасында. Себебі заман талабына ілесу – мемлекетіміздің де басты мақсаттарының бірі.

Дастан АЙТБАЙ,
компьютер және телекоммуникация маманы

01 қазан 2020 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031