» » "Арал достары" тақырыбында симпозиум өтуде

"Арал достары" тақырыбында симпозиум өтуде


Астана қаласындағы «Rixos President Astana» қонақ үйінде Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Арал достары» тақырыбында Арал өңірін жаңғыртуға бағытталған халықаралық симпозиум өтуде. Симпозиум Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Шараға Арал өңірі тұрғындарының проблемасынан хабардар ету және осы мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында мемлекеттік сектор мен халықаралық қауымдастықтың өкілдері қатысуда.
Халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз сөйлеп, Арал өңірінде тәуелсіздік жылдарында атқарылған ауқымды жұмыстарды айтып өтті. Соның ішінде аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына баса назар аудартты. Сонымен қатар, Аралды құтқаруға арналған жобаларды қолдағаны үшін халықаралық ұйымдарға, теңіз тағдырына алаңдайтын әріптестеріне алғысын білдірді. Шара барысында меморандумдарға қол қойылып, өзара келісімдер жасалады.
19 ақпан 2018 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930