» » ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙМЕК

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙМЕК

Жер заңнамасын жетілдіру мақсатында үстіміздегі жылдың 4 мамырында ҚР Жер кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Ондағы басты бағыттардың бірі – бұл жерді пайдалануда  мемлекеттік бақылауды күшейту. Босы орайда, бүгін Жер кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық әкімдігінде семинар өтті.Жиынға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу саласы мамандары, маслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар бизнес, шаруашылықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.
Алқалы кеңесте аймаққа жер заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында келген ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гулжахан Бимендина, комитеттің жер қатынастарын және жерге орналластыруды дамыту басқармасы басшысы Жанар Каржанова тақырыптық баяндамалар оқыды.
«Жиында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жер учаскелерін жалға беру институттарын сақтау және жетілдіру, шекаралық аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәртібін күшейту, тұрғындардың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алынатын ерекше жағдайлардың қатарына жатқызу және басқа да өзекті мәселелер айтылды. Айта кету керек, аймақ басшысының бастамасымен биылғы жыл кәсіпкерлікті қолдау жылы болып белгіленді. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорация мен кәсіпкерлік палатасы арасындағы меморандум аясында бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтерді алу  барысында барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Мысалы, кәсіпкерлердің шығынын, уақтын барынша үнемдеу мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 30 куннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ақылбек Мұқаддас.
Спикердің айтуынша, алдағы уақытта аймақтарда құрамында қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдар мен әкімдіктердің өкілдері бар комиссиясы құрылмақ. Комиссия құзіретіне ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану бойынша үздіксіз мониторинг жүргізу жұмыстары кіретін болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясының Қызылорда облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
08 маусым 2018 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031