» » Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі - ҚР ІІМ

Шымкент автокөліктеріне «17» нөмірі беріледі - ҚР ІІМ


Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі.
«Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Комитет өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми жарияланды. Ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң - 24 шілдеде күшіне енеді. «Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көлік құралдарына жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріле бастайды», - дейді комитет өкілдері. Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.

13 шілде 2018 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031