Amazon смартфондарды шығаруға асықпаса да, өз планшеттерін шығарды. Kindle Fire HDX атты жаңа планшеттер көпшілікке таныстырылды. Мұндағы өзгешелік, жылдамдық артып, көлем кішірейген. Дисплейі 7 және 8,9 дюймдік үлгілер алдыңғы буын планшеттерге қарағанда, түрлі-түсті суреттерге бай. Ал, пиксел тұрғысынан соңғы iPad үлгісінен әлдеқайда сапалы. 7-дюймдік үлгі 1920 х 1200 пикселді экран көлеміне ие болса, 8,9-дюймдік үлгі 2560-1600 көлемін алады. Жаңа үйренушілерге арнап «Mayday» қызметі қосылған, онда көпшіліктен видео-чат арқылы көмек сұрай аласыз. Бұл да сіз үшін жасалаған жаңа жұмыстардың бірі. Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос шығарылған өнімге «бірегей керемет» деген атақ берді. Осыдан болар, компанияның тұтынушылармен жұмыс істеуі ілтипатқа ие болды. Айтқандай, компания планшет бағасын төмендетті, яғни, 60 долларға арзандады. Енді сіз оны 139 долларға сатып ала аласыз.