» » 2018 жылғы әлемнің ең бай адамдары анықталды

2018 жылғы әлемнің ең бай адамдары анықталды

 Әлемнің қалталылар көшін әзірге 112 миллиард доллары бар Джефф Безос бастап келеді. «Форбс» журналы 32-ші рет әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша рейтингте Амазон басшысы Джефф Безос көш бастап келеді. Басылым оның дәулетін 112 миллиард долларға бағалады. 2017 Безос үшін сәтті жыл болды, өйткені Амазон акцияларының бағасы 60 пайызға өскен. Безос соңғы 24 жылда 18 рет әлемнің ең бай адамы аталып келген Билл Гейтсті екінші орынға ығыстырды.
Гейтстің дәулеті 90 миллиард доллар. Биллдің байлығы өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд долларға өскен.
Үшінші орында инвестор Уоррен Баффет келеді. Ол соңғы жылда 8 жарым миллиард долларға байыған, оның жалпы дәулеті 84 миллиард долларға бағаланды.
Эл Ви Эм Эйч компаниялары тобының басшысы Бернар Арно төртінші орынға табан тіреді. «Форбс» дерегі бойынша оның шотында 72 миллиард доллар бар екен. Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукерберг 71 миллиард доллармен ең ауқатты адамдардың бестігіне ілікті.
Алғашқы жиырмалықтың құрамында екі әйел миллиардер бар. Олар - Алиса Уолтон (байлығы $58,5 млрд) және Франсуаза Бетанкур-Майерс (байлығы $42,2 млрд).
Рейтингке табысы 39 млрд доллар болатын 20 миллиардер енген. Олардың жылдық табысы өткен жылмен салыстырғанда орташа 28 пайызға көбейгендігі ескерілген.
«Форбс» есебіне сүйенсек, әлемде 2 мың 208 миллиардер бар екен.
08 наурыз 2018 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728