» » Сенат төрағасының орынбасары Қызылордада кездесу өткізді

Сенат төрағасының орынбасары Қызылордада кездесу өткізді


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесу барысында депутаттар аймақтың 2017 жылғы әлеуметтік-мәдени дамуындағы негізгі қорытындылармен және осы жылғы жоспармен танысты. Аймақ басшысы өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының жай-күйі және келешектегі дамуы туралы жан-жақты хабардар етті.
Сенаторлар Қызылорда облысында жедел және айқын құқықтық қызмет көрсету мақсатында құрылған Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысымен танысты. Мұнда азаматтарға құқықтық мәселелерді шешуде кешенді түрде көмек көрсететін білікті мамандар (прокурор, адвокат, медиатор, әкімдік өкілдері) қызмет етеді. Орталық қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жабдықталған, келушілерге жайлы жағдай жасалған.
Парламентшілер жаңа полиция бекетінде болып, оның жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ 500-ге жуық камера жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесінің тиімді жұмысы атап өтілді. Депутаттар қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін бұл жаңалықты еліміздің басқа да аймақтарына кеңінен таратуды ұсынды.
Депутаттар құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу барысында заңдардағы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған түзетулер туралы әңгімеледі. Сенаторлар сол күні қалалық мәслихат ғимаратында облыс активімен, мәслихат депутаттарымен және жұртшылық өкілдерімен кездесті. Сенат төрағасының орынбасары Бекназаров өз сөзінде Парламент жоғарғы Палатасы қызметінің қорытындыларына тоқталды. Мемлекет басшысы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа ел өміріндегі аса маңызды оқиға ретінде атап өтілді.
«Парламент Ата заңға Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ететін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Депутаттар корпусы жаңа Салық, Кеден кодекстері және басқа да заңдар бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», — деді Бекназаров.
04 қаңтар 2018 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031