» » Зейнетке шығу: ерлер мен әйелдердің жасы теңесе ме?

Зейнетке шығу: ерлер мен әйелдердің жасы теңесе ме?

    «Келесі жылдан бастап заңға сәйкес, әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығады», - деп жазады «Спутник Қазақстан». Фото: Интернеттен алынды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғаяды.   Қазақстанда өткен жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады.    Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады. Зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі 2018 жылы басталды. Былтыр әйелдердің зейнет жасы 58,5, ал биыл 59 жасты құрады. Ал келесі жылдан бастап олар 59,5 жасында зейнетке шығады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;  
2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;
2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;
2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;
2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;
2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;
2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.
    Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар. Сондай-ақ, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.


28 қыркүйек 2019 ж. 1 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031