Тұлғаның жеке табыс салығын есептеу өзгерді

«Бұл ереже қызметкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25 айлық есептік көрсеткіш еселенген мөлшерінен аспайтын табысына қолданылады. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің салық салынатын табысы 90% -ға азаяды. Қалған еңбек ақы 10% ставка бойынша жеке табыс салығына тиесілі болады. Сондықтан салық жүктемесі 10 есе азаяды», - делінген департаменттің хабарламасында.