» » 25 наурызда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

25 наурызда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

«Қазақстан Републикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-ші және 113-ші баптарына сәйкес 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының БАҚ-пен байланыс бөлімінен хабарлады. «Сайлау науқаны Қазақстан Республикасының 68 округында өтеді.  Ақмола облысы бойынша 3 депутат, Ақтөбе  - 4, Алматы - 6, Атырау - 6, Шығыс Қазақстан - 2, Жамбыл - 3, Батыс Қазақстан - 4, Қарағанды - 9, Қостанай - 13, Қызылорда - 4, Манғыстау - 1, Павлодар - 5, Солтүстік Қазақстан - 3, Оңтүстік Қазақстан облысы - 3, Алматы қаласы бойынша 2 депутат сайланады. Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді», - делінген хабарламада.  68 депутаттың 10-ы облыстық, 17-і қалалық  және 41-і аудандық маслихаттарға сайланады.   ҚР ОСК хабарлауынша, ,депутаттардың өкілеттіліктерінің мерзімнен тыс тоқтатылуына келесі себептер негіз болған: тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен басқа тұрақты орынға кетуі;  басқа жұмысқа ауысуы, жеке өтініші, депутаттың өлімі және  соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі. 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну басталды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасады. «Ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы ахуалға сәйкес, Алматы қаласының 2 сайлау округы бойынша 7 кандидат ұсынылған», - деп атап өтілген ҚР ОСК баспасөз хабарламасында.       

31 қаңтар 2018 ж. 1 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031