» » » Бүгін бірнеше облыста аяз болады

Бүгін бірнеше облыста аяз болады


Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар жауады. Бірнеше облыста қатты аяз болад.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.
Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С болады.
22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С жетеді.
Астана қ: 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С болады.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.

22 қаңтар 2018 ж. 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031