» » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым


Мәдениет –халықтың рухани азығы, - деп Ілияс Омаров айтқандай, ауыл тұрғындарына рухани азық сыйлау мақсатында, бүгінгі таңда өнер саласында жүрген әнші, ақын, актриса, сазгер Елемесова Сакура Төлегенқызы бастаған ұл-қыздарыңыздың қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» атты жобасы негізінде Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өткізілді. Ия, Өресі биік өнерімен бақ табар, мерейлі мәдениетімен шаттанар, өнер өлкесіндегі қайталанбас дарын иелерінің ізін жалғаушы өнерпаздардың қатысуымен өткізілген кештің негізгі мақсаты қайырымдылық концерті деп аты айтып тұрғандай, бірімізге іні, бауыр, аға,дос Қаржау Нұрперзент Қожабайұлының еміне, дәрі-дәрмегіне кішкене болса да көмек ретінде ұйымдастырылуда. Кештен түскен қаржының барлығы жоғарыда аталған азаматқа, шын ниетпен ортамызға аяғынан тік тұрып қосылуы үшін берілді.
         Жақсылыққа – қайырымдылықпен, мейірімділікке – ізгілікпен, достыққа – адалдықпен жауап беру керек делінген халық даналығында. «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз»,- дегендей кеш барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Садуов өзінің ыстық лебізін білдіріп, өнерпаздарға алғысын білдіріп, округ әкімінің алғыс хатын табыстаса, Мәдениет Үйі ұжымы алғыс хатпен қоса қазақтың ұлттық аспабы домбыраны Сакура Төлегенқызына сыйға тартты. Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл, жасаған жақсылығың алдыңнан шығады. Олай болса, қайырымдылық концертін ұсынған Сакура Елемесова бастаған барша өнерпаздарға, кешке көрермен ретінде билет алып келген ауыл тұрғындарына шын ниетімізбен ризашылығымызды білдіреміз.Алла ниеттеріңізді қабыл қылсын ағайын!
Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері, аудандық маслихат депутаты  Б Ізмағанбетов
05 ақпан 2018 ж. 1 039 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031