» » » ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ


Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Сұлтан плаза» қонақ үйінде «Туған жерге тағзым» атты облыстық телекөпір өтті. Шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орай және Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған.
Аймағымызда елдің дамуына, ерен еңбегімен, озық идеяларымен атсалысып жүрген адам аз емес. Телекөпір арқылы бірқатар индустриалды-инновациялық жобалар іске қосылды. Соның бірі − шыныпластикалық құбырлар өндіретін «НефтьПромСнаб» серіктестігі. Бұған дейін Қытаймен Ресейге тасымалдап келген өндіріс орны енді өзіміздің құрылыс компанияларын жабдықпен қамтамасыз етпек. Серіктестік директоры Қазбек Қуанышбаев тікелей байланысқа шығып, жуырда сыртқы нарыққа тәуелділіктен арылып, кәсіпорындар отандық арзан әрі сапалы өнімді пайдаланатынын айтты. Мұнан соң телекөпірде «Арал құрылысы» асфальт-бетон зауыты, Жаңақорған ауданының «Премиум Класс-Строй» әк шығару зауыты таныстырылды. Құрылыс материалдарын дайындайтын екі өндіріс орны да ілкімді іс бастады. Сапалы сиыр еті экспортын жолға қоюға жұмыс істеп жатқан «Саламат Агро» серіктестігінің директоры Әділжан Ізтілеуов мал бордақылау және сою бекетін іске қосты.  Ал «Мөлдір және К» толық серіктестігінің директоры Насырбек Мырзабеков
Шиелідегі құс фермасында II цех жұмысымен таныстырып, іске қосты. Цех тәулігіне 20 мың дана жұмыртқа өндіреді.
         Сонымен қатар, «100 жаңа есім» жобасына енген Сыр елінің мақтанышы, медицина ғылымының докторы, А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының  директоры Болатбек Баймаханов жүрекжарды тілегін жеткізді. Ресейде білім алып жатқан бір топ қызылордалық жастардың атынан Мәскеу қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу  университетінің 4-курс студенті Еламан Меңдіқұл сөз сөйледі. Жалынды жас алған білімін еліміздің дамуына бағыттайтынын жеткізді.
Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасы игі істерге үндейді. Елжандылықтың тамыры туған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрметпен қарауда жатыр.  Шарада аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы «Туған жерге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым» деп білетін бір топ азаматтарды «Сыр жанашыры» аталымымен марапаттады. Сондай-ақ ұрпақтың рухани дүниесін байытуға зор үлес қосып жүрген өнер қайраткерлері де форумның құрметті қонағы болды.
Аймағымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» бағдарламасы 2017 жылдың қараша айынан бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында бірлігі берік, ынтымағы жарасқан, еңбегі мен елдігі өзгеге өнеге болған өресі биік, өрісі кең Сыр өңірінен түлеп ұшқан қаншама азамат туған жеріне қолдау білдірді. Елім дейтін ерлердің, туған жерім деп тыным таппайтын жандардың қатары арта түспек.
Гүлбану МАҚАЖАН
14 желтоқсан 2017 ж. 1 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930