Тұрғын үй бағасы қымбаттады
Қазақстанда тұрғын үйді сату және жалға беру бағасы өсті, деп хабарлайды Статистика комитеті.
«2020 жылғы қаңтар-тамыз айларында абаттандырылған тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 6,6%-ға, тамызда – 1,4%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы тиісінше 2,6% және 0,5%-ға өскен. Жыл басынан бері абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 5,3%-ға, тамыз айында 0,9%-ға қымбаттады», – делінген хабарламада.