Қаңтарда коммуналдық қызмет қымбаттады
2018 жылдың қаңтарында ақылы қызмет бағасы мен тарифы өткен жылмен салыстырғанда 0,8% қымбаттады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.
Құқықтық қызмет және жеке көлікті сақтандыру қызметі 6%, жолаушылар көлігі қызметі 1,3%, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі білім саласы 1,2%, шаштараз және жеке қызмет көрсету 0,8% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметі саласында орталықтандырылған жылу бағасы 1,9%, ыстық су 1,7%, қоқыс шығару 1,3%, газ бағасы 0,4% өсті. Тұрғын үйге қызмет көрсету 1,7% қымбаттады.